Ой сауам
Бұл бетте «Ой сауам» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылт етіп желпіп майшамдай,
Үмітім, алдан жаншы алдай.
Күресіп, талмай тіресіп,
Кетейін алға жан салмай,
Қолыңды созып жайшы, Алла-ай!
Ой сауып мылқау түндерден,
Түнектен тартып, мұңды өргем.
Зәбірді татып кімдерден,
Кімдерді жеңіп күн көргем.
Қазақы таза үнді емгем.
Жатса да жанның жұты ұлып,
Тазалық дәмін жұтынып,
Бірде ұтып, бірде ұтылып,
Арымды бүрген шеңгелден
Кете алмай жүрмін құтылып.
Ел басқа бүгін, ер басқа,
Қайғысы қонған әр басқа.
Жаңғырық жетпес жартасқа.
Төбемді төрге шерткізіп,
Мөлиіп тұрам мен қасқа.
Майшамдай үміт жылт етпей,
Көгімді жапты бұлт өктей.
Келемін желіп бүлкектей.
Жанымның оты жанар ма,
Қол сүйе берсем, бұрқ етпей?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі