Сыбағамды сынағам

Бұл бетте «Сыбағамды сынағам» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Іздемеймін табам деп күйімді мен,
Сыбағам мен талатқан сыйымды мен.
Сайран күнде ақ ішіп, алтын құсып,
Аумай қалдым мен үйіндеден.
Өгей еткен өзімді өткеніме.
Ұмытыппын қыжылды өкпені де.
Кәкір-шүкір санайтын төрдегінің
Тоса бергем төбемді тепкеніне.
Ұлтым берсе парқыма жарты баға,
Керек болмай қалдым ба халқыма да.
Бас изеумен көнеді мәңгүрт Алаш
Таңдайына тас түспес талқыға да.
Күйімді іздеп аһ ұрам неліктен мен,
Желкемді үзер жеңілсем желіккеннен.
… Күйімді емес, күнімді туғызатын
Көп шерлінің көз жасын теріп келем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері