Анаға арнау
Бұл бетте «Анаға арнау» атты Халық даналығы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асылдың сазы жанымның нәзік үнісің,
Ана сен барда тарылмас менің тынысым.
Асығам ана, сағынған күнді көп ойлап,
Құшақтап жатып ақ көпшігімді түн ішін.
Өзіңсің ана, өзіңсің көңіл көктемім,
Өзіңмен ғана өшпейді жалын от демім.
Тағдырым сынақ, болса көп мейлі өктемі, Жанымда болсаң бәрінің табам өткелін жабырқап кейде тірліктің тұман түнінен
Қапы қалғанда өмірді ойлап түңілем
Есім шыққанда санам сезбестей жатып ап Бүркеніп алып, сағынам жылап бүлінем
Төгілген маңдай теріңнің жоқ қой өтеуі ,
"Балам сен аман болсаң сол бізге жетеді"-
Деп тіл қатқанда жүрегім миым омалып,
Шытырман ойдың түбіне ойлап кетеді
Ойлаған арман мақсаттың бәрі сіз үшін. Анамнан артық емес ол жақұт мен үшін Мұхиттан терең әппақ сүтіңе шомылған,
Бес асыл балаң силайды өмір жемісін!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі