Байқаймысың
Бұл бетте «Байқаймысың» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Байқаймысың,
Байқаймысың
Мына ғажап тамашаны:
Бір адамға байланысты бір адамның болашағы.
Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі,
Қозы Көрпеш аман тұрса, Баян сұлу өлер ме еді?
Исатайды жеңбесе жау, Махамбетті жеңер ме еді,
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?
Қайран ақын — сұңқар қиял, наркескен ол,батыл арман,
Исатайдан айрылғанда жер бауырлап жатып алған
Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,
Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.
О, сұмдық - ай,
Жаулық сезім парасатты паналапты,
Исатайдың өлімімен Махамбетті жаралапты...
Қадірлім - ау,
Көз жіберші асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.
Кейде мені мұқатпақ боп жаулар сені жамандайды,
Ал егер сен жамандалсаң бұл, әрине, маған қайғы.
Басымызға шиыр - шиыр күн туғанда құс таналы,
Кейде мені жеңу үшін жаулар саған күш салады.
Тайғақ өмір жолдарында сүрінгенде тірек алар,
Сүйенішім сен екенін айтпастан - ақ біледі олар.
Әлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау
Мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол,
Қымбаттым - ау.
Мұхтар Шахановтың өлеңдері өте керемет
Күшті өлең шымағы екен таң қалдым
Бұл өлең не туралы айтылғаннн
бұл өлең не туралы
Мұхтар ағамыздың достыққа сондай бірік екені осы "Достық""тақырыбына жазылған өлең жолдарынан байқалады.Мағынасы өте терең әрі маңызды.
Мұхтар ағамыздың достық тақырыбына жазылған өлең шумағы керемет.
Достық тақырыбына маңызды жазылған
ия күшті өлең мен осф өлеңді жатап бас жүлдк алып келгеи