Айы
Бұл бетте «Айы» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айы,
Күні – көгінде,
Төрткүл дүние дін аман.
Менің жаным –
Иегімде,
Жаттан медет сұраған.
Қоғам қайта қағынып,
Жүрегіме оқ атты –
Жаудан бетер шабынып,
Сенімімді жоғалтты.
Жер де – тыныш,
Ел – тыныш,
Дала да – сау,
Қала да –
Әлек салды қорқыныш
Үрейі ұшқан санама.
Қарадай кеп ұрынды,
Қапылына шаршаймын –
Тегін бердім ұлымды
Топырағына Кеңсайдың.
Қылтамақтай жүдеумін,
Іштің дерті молайды...
Біреу
Жоғын біреудің
Түйе үстінен қарайды.
Қарайып
Қаным қайнады,
Қайтем,
Көндім азарға –
Үйімдегі сауданы
Нарық бұзды базарда.
Қиянаттың ащысы –
Меселімнің қайтқаны –
Мекемемнің басшысы
Елеп,
Көңіл айтпады.
Қарным ашты сұрына –
Сазармай да көгермей:
Өзі қоса ұлына
Неге өлмейді дегендей!
Мұң шағамын таусыла –
Оты өртеді мазақтың!
Кұн қалмаған-ау,
Сірә,
Ақынында қазақтың?!
Жәреукемен итініп,
Қай біріне жағармын?!
Өлген қойдай үйтіліп,
Болмағаны-ау бағамның?!
Кішірмейтін күйге еніп
Одағымның үлкені –
Қасіретімнен именіп,
Бетін қолмен бүркеді –
Басылмаған арыны
Бауырынан жаранып –
Ұлттың шала дарыны
Шекесінен қаранып!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі