Мен қараймын анаңа

Бұл бетте «Мен қараймын анаңа» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен қараймын анаңа,
Анаң маған үңіліп –
Күн сөнеді санада
Тіршіліктен түңіліп.
Күдікке үрей қосады
Үміттің су жүрегі –
Иінімізді басады
Жалғыздықтың түнегі...
Құр қармантып
Қор қылды,
Демігіп...
Дір-дір етеміз –
Толтыра алмай орныңды,
Тарығумен өтеміз!..
...Жар-Төсектен безінген
Адам-Ата – Һауана –
Қашып қысыр сезімнен,
Жайыламыз Ауаға...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері