Тосынға таңылдым
Бұл бетте «Тосынға таңылдым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тосынға таңылдым,
Қапылға ұрындым:
Сарайы жанымның –
Саркофагы ұлымның.
Қыршын жас өлімнің
Көші өткен жұртымын...
Қайсың бар –
Көңілдің
Бүтіндер жыртығын?!
Дүние – құбыл-шам,
Жарығын жасырды.
Кімің бар –
Жығылсам
Сүйейтін басымды!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі