Жазымнан жалғыз ұл – ғайып
Бұл бетте «Жазымнан жалғыз ұл – ғайып» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазымнан жалғыз ұл – ғайып,
Ойлай да ойлай ортайдым.
Көңілдің тоғы ұрланып,
Жасыма жетпей қартайдым.
Тегісжөйттеніп түр-түсі,
Бірі жоқ тыңдар мұңымды –
Жиырылып тәннің кірпісі,
Нәпсі жыланы суынды...
Кезеніп мылтық заманым,
Қынабынан қылыш суыра –
Семіртті жанның қабанын,
Қайғының қара суына!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі