Тәніңді білмедім

Бұл бетте «Тәніңді білмедім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тәніңді білмедім,
Жаның – менікі.
Күрсініп, күлгенім...–
Бәрі – сенікі:
Қалқайып
Жер басып
Жүргенім қарайып –
Өлімен арбасып,
Тіріге алайып.
...Қасіретті шаттығым,
Себі жоқ серігім,
Ажалым – пәктігің,
Табытым – көңілің!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері