Мұнарым-ай
Бұл бетте «Мұнарым-ай» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Жуырда астанадағы Республикалық кинематографистер үйінде Ш.Айманов атындағы «Қазақ фильм» киностудиясының қоюшы-режиссері С. Нарымбетов түсірген «Созақтан келген Гамлет» көркемсуретті фильмінің премьерасы көрермендер назарына ұсынылды... Фильмдегі басты рольдерде С. Жұмаділов, А. Кирэш, А. Чокубаев, А. Боранбаев, Д. Ғабдуллин, М.Оразбаев және басқада танымал актерлер ойнаған...» – Газеттен.
Мұнарым-ай,
Мұнарым,
Мұнарым-ай,
Мойынымнан үзілген тұмарым-ай.
Бір сүюге зар болып,
Тас Мүсінге
Телміргенмен тарқамас құмарым-ай!
Құлап түстің,
Қайтейін,
Құздан-құрдым,
Сыз қалдырдың,
Артыңа із қалдырдың.
Қасірет жұтып,
Қайғы еміп,
Қара оранып –
Қасиетін де,
Қалыбын бұзған жырмын.
Түгі қалмай тоналған қоймадайын –
Қаңыраймын,
Қалайша жайланайын?!
Он төрт жасқа жетпестен,
Жай оғындай –
Түсіп кеткен Киноңнан айналайын...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі