Қарасайда қараша үйлер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қарасайда қараша үйлер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2570
(Ғафуға)
Қарасайда қараша үйлер,
Қанаттасып тобын жазбай
Қарасайда қараша үйлер
Отыратын қоңыр қаздай.
Қоңыр қаздай болса-дағы,
Қоңыр сол шақ өмірлері.
Болса ірімшік, болса ағы,
Қараша үйлер көңілді еді.
Аласа үйге сыймайтындай,
Қараша үйлер ұл табатын
Жырлар тартып сыйға алтындай,
Ән салатын Нұрқан ақын.
Бір бозарып, бір қызарып,
Түн сәулемен жыртылғанша.
Қараша үйден жұлдыз ауып,
Қараша үйге күн туғанша.
Сіміріп сол сүңқар үнін,
Түлейтінбіз біз екеуміз.
Мәңгілікке Нұрқан жырын,
Біз екеуміз күзетерміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарасайда қараша үйлер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қарасайда қараша үйлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарасайда қараша үйлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарасайда қараша үйлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері