Аспан – ала,
Жер – шола,
Әлем тарын тосынып –
Не боп қалды соншама,
Тірлігіңнен шошынып.
Құдай өзі хош көріп,
Қайтып алды бергенін.
Елейді де ескеріп,
Таусылмайды ермегің.
Шошынба,
Ақын,
Шошыма,
Жолын кеспе арманның –
Туады әлі-ақ басыңа
Жарық күні жалғанның!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі