Құдай маған береді
Бұл бетте «Құдай маған береді» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құдай маған береді
Тілеуімді талайғы –
Көз-жасымды көреді,
Жыртығымды жамайды.
Кеңісінде тарынды
Ұшқан жүрек лүпілдеп –
Тыңдайды айтқан зарымды,
Тесігімді бүтіндеп.
Жаным шығып кетердей
Иегіме тіреліп.
Басалқысыз бекердей
Күрсінуім күңіреніп.
Өлі-Тірі Аруақ
Жебейді әлі, көр де тұр.
Шайқалған қара шаңырақ
Тұл қалмауына – мен кепіл.
Жамандыққа қосылман,
Жақсылықтың антымын.
Тізерлеткен тосыннан
Тағдырыма тәнтімін.
Тақасуға жоқ шамам,
Тілемедім оңайын.
Құрсағыңа қатса қан,
Құрбандығы болайын.
Тұқиянсыз қалмайын,
Тіккен туым жығылып –
Жазда жауған қардайын
Көлеңкеде тығылып.
Құлшылығын қыла бер,
Құралақан тастамас.
Ұл береді мұрагер
Мұнарыма баспа-бас.
Таза – имандай етегі,
Пәк, періште, сорлым-ай,
Хархәлләзи етеді
Қазынасы мол Құдай.
Күйімді елеп шоқ басқан,
Жарылқайды кейіннен –
Күтем кірпік қақпастан
Ақырына дейін мен!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі