Тағдырым талай қырсығып
Бұл бетте «Тағдырым талай қырсығып» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағдырым талай қырсығып,
Пәлеге мың-сан ұрындым –
Тауқымет зіліне тұншығып,
Өле де өле тірілдім.
Тірілдім...
Көзім ашылды,
Түйсініп дүлей тылсымды –
Көңілімнің нұры шашылды,
Бұлттан шыққан күн сын-ды.
Ана тіліме жалатқан
Тірліктің ащы тұзымын.
Жар болса Ием-Жаратқан,
Таусылмас көрер қызығым.
Тегімнің тұлпар тұяғын
Тапсырып Хақтың өзіне –
Тәніме қуат құямын,
Рахатын жанның сезіне.
...Бұ Дүниеге бардай керегім,
Жерінбей өмір сүремін –
Желкілдеп жасыл желегім,
Қайғының соңын түремін!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі