Тепсе үзетін темір
Бұл бетте «Тепсе үзетін темір» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тепсе үзетін темір
Боздақтарды небір
Қанша жұтса тоймайтын
Жер – жалмауыз-жебір.
Асырадым, туып,
Кіндік-қаныңды жуып...
Басты жақтан айырды
Жер – бауыры суық.
Нар тайлағым – ұлым,
Туған күнің – Бүгін.
Жиналмастан жатыр
Аударылған жүгің.
Құдіреті Күшті
Көзі саған түсті.
Дәрменім жоқ етуге:
Жердің Астын – Үсті!
Мұңымды кім ұғар?!
...Құлағың түрік шығар –
Құлындаған даусымды
Естимісің, Мұнар!..
...Мұнарының өтеуін
Жас шамадан асқанда
Қайран қылған Құдайдан
Иран-Ғайып сұрар...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі