Жалғызым
Бұл бетте «Жалғызым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғызым –
Өлеңімнің киесіндей,
Көз-жасым –
Күзде жауған күресіндей.
Қаусатты
Қабырғамды қасіретің,
Көпестің
Қаттап артқан кіресіндей.
Жалғызым –
Өмірімнің иесіндей,
Көңілім –
Тайқазанның күйесіндей.
Құсамын
Іш-құстамды кісі көрсем,
Кедейдің
Қатпа болған түйесіндей!.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі