Шамам бітіп, шалдығып
Бұл бетте «Шамам бітіп, шалдығып» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шамам бітіп, шалдығып,
Қараямын қаныма –
Орта жолда қалдырып,
Көмдің қайғы шаңына.
Ілбіп, әрең келем мен,
Әлтек-тәлтек басамын –
Тастан ауыр өлеңнен
Мүсініңді қашадым.
Көп қызығың бұйырмай,
Түстің тылсым құлыпқа.
Бұзауы өлген сиырдай
Мөңіреймін тұлыпқа.
Жырлаймын да жылаймын:
Өмір – өгей қалпынша...
Қай мазағы Құдайдың –
Беріп, алған артынша?!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі