Отаны үшін от кешіп
Бұл бетте «Отаны үшін от кешіп» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отаны үшін от кешіп,
Оққа ұшса – мақұлмын.
Боқ басыңда кектесіп,
Ұлын алдың Ақынның!
Емес пе еді айбыным,
Жау тигенде қазаққа –
Қосын жегіп қайғының,
Неге салдың азапқа?!
Ер ұлан – ел құрбаны,
Түссе – өкпем жоқ – қылышқа!
О, Құдай, не қылғаның,
Айтшы, осының дұрыс па?!
Қарадан ақ айырып,
Хақ жолыңды ұстадым –
Қыр-арқамды майырып,
Қор етпей ме дұшпаным...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі