Қара Тастағы Жазу
Бұл бетте «Қара Тастағы Жазу» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құдаймын деп ойлама,
Құлақкесті құлысың!..
Күнің бітіп, қаймана,
Тарылады тынысың.
Айнып асыл мұрадың,
Сүйек-сөлің қуарып,
Сөнер жанған шырағың,
Өмір жасың суалып.
Қара жауып аспаның,
Тәнің топырақ құшады.
Қолын бұлғап қас-қағым,
Дүние бұл-бұл ұшады.
Жалған – бәрі!..
Жалғанбыз!
Көр – суық та,
Мола – сыз:
«Біз де Сіздей болғанбыз,
Сіз де Біздей боласыз!»...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі