Неге бұлай
Бұл бетте «Неге бұлай» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Неге бұлай,
О, Құдай?!:
Өңкей дінсіз –
Мойынсұнбас Өлімге,
Ыңғай ділсіз –
Рахым қылмас Өмірге,
Мәңгүрт-тілсіз,
Нәкәс,
Надан,
Миғұла –
Мені көріп –
Ғибраттансын дедің бе?!:
Жалғыз ұлымды алдың –
Жанға жара салдың.
Жүрек қаны – Көз жасыма –
Жыр қаламын малдым...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі