Ғашық оған өлердей
Бұл бетте «Ғашық оған өлердей» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғашық оған өлердей,
Құпиясы – ол адам –
Қылғындырып көргендей,
Қуанышын тонаған...
Аты аталса болғаны –
Асын жерге қояды.
Күшейеді толғағы,
Күптеніп қол-аяғы.
Дерті жанға батса да,
Ойлап соны жүдейді.
Иллааллалап жатса да,
Есендігін тілейді.
Алған еркін есімен
Мылқау күшке не шара?!
Махаббаттың киесінен
Зар кешеді бейшара!
Көлденеңді көк атты
Көзге сүйел шықты ма?!
Мәңгі-бақи жоғалтты,
Бейнетінен бұқты да...
Көкірегін бояйды
Көзден аққан сорасы –
Жылап тұрып аяйды,
Атпасын деп наласы!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі