Тәнге тыным бермедім
Бұл бетте «Тәнге тыным бермедім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тәнге тыным бермедім,
Жан шықпайды –
Бұл қалай?!
Бұздым қайғы өрмегін –
Көзім жасы құрғамай!
Бұ дүниесін қимастай,
Тұрлауы жоқ тірі өлік –
Сезім бойға сыймастай,
Таз төреше шіреніп!
Қарамастан сұрыма,
Бастым тірлік тамырын...
Арсыз нәпсі құлына
Кешірім ет, Тәңірім?!
...Кәрі жыным қозады,
Мас бурадай құтырып –
Төс-табаным тозады,
Мұнар соңын күтініп...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі