Тән ғажабын көретін
Бұл бетте «Тән ғажабын көретін» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тән ғажабын көретін –
Бұ Дүние жарық па?!
Жанға азаттық беретін –
О Дүние жарық па?!
Салар темір қалыпқа –
Бұ Дүние түнек пе?!
Таңар ағаш табытқа –
О Дүние түнек пе?!
Жарық деген немене,
Түнек деген немене?!
...Адамзаттың Баласы
Екі Дүниеге еге ме?!
Бұ Дүние сараң ба,
О Дүние сараң ба?!
Бұ Дүниеде жоғымды
О Дүниеде табам ба...
О Дүние – бимәлім,
Бұ Дүниеде не мән бар:
Бірге үйірген Иманын –
Хайуандар мен Адамдар!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі