Қанша ғұмыр бірге өткенін
Бұл бетте «Қанша ғұмыр бірге өткенін» атты Иран-Ғайып жазған өмір туралы өлең берілген.
Қанша ғұмыр бірге өткенін
Білемісің, ғашығым.
Құдай тұтып, құрметтедім –
Күлемісің, ғашығым.
Күңіренбе, күл, күл, Тәңір,
Құлай сүйген құлыңмын.
Әз жүрегің, мүмкін, дабыл
Қағар – көктей жұлындым.
Нар тұншыққан зар-мұңына
Терең шықтым, ғашығым.
Жар бол деген жарлығыма
Керең шықтың, ғашығым.
Жамаулап көншарығымды,
Күн-бейнеңді қуамын.
Жанға түскен жарығыңды
Көз жасыммен жуамын.
Бар қызығым – сенде қалған,
Сеземісің, ғашығым.
Асығыңнан пенде болған
Беземісің, ғашығым.
Әлде, қайтып келемісің,
Енемісің бағыма.
Баяғыдай сенемісің
Жырдың тәж бен тағына.
Аңсайды ақын-көңіл нені,
Ұғамысың, ғашығым.
Биігіңе өз өмірдегі
Шығамысың, ғашығым...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі