Тергеп, естен таңдырасың
Бұл бетте «Тергеп, естен таңдырасың» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тергеп, естен таңдырасың,
Тағдырымның тауаны.
Көзден аққан қанды жасым –
Өмірімнің жауабы.
Неге келдім, не тындырдым,
Жарық Дүние – жат маған.
Түнектегі жетім жырдың
Таңы – Өзің – атпаған.
Ащы күйде тұщынамын,
Жер жастантып жеңсе Өлім –
Алғыс емес, ұшырадым –
Қарғысыңа мен сенің!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі