Жылама сен, жылама
Бұл бетте «Жылама сен, жылама» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылама сен, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама?!
Желөкпе Ақын, жебір жыр –
Жылауыңа тұра ма?!
Ұнжырғаңды түсіріп,
Күрсінбе де күсініп –
Жаныңды да ұқпайды,
Жүрегіңді түсініп!
Жи есіңді, жарқыным,
Босат қайғы алқымын.
Қор етеді, көрсетпе –
Көңіліңнің алтынын...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі