Тағдыр-Мерген Әмірлі

Бұл бетте «Тағдыр-Мерген Әмірлі» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тағдыр-Мерген Әмірлі,
Атпа –
Оны,
Мені –
Ат:
Шырқыратып жанымды,
Жүрегімді қанат?!
Көңіл-көзімді ойып,
Шаруамды бітір –
Теспей іреп сойып,
Көн-терімді сыпыр!
Хұқайыңды құп алдым,
Тезіңе сап иле –
Таныт Әкесін Мұнардың,
Анасына тиме!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері