Ұқсап бақты демеңдер
Бұл бетте «Ұқсап бақты демеңдер» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Мен боламын демеңдер...» – Абай.
Ұқсап бақты демеңдер –
Заман зәрін ішкенге.
Уайымын жемендер –
Дертім кебін пішкенге.
Жоғарғы жұрт, төменгі ел:
«Бұл да – өлді!» деп елеңдер –
Жүрек шаншып, ми толқып,
Бүйрек, бауыр іскенге.
Рухани кереңдер
Көзден ғайып болады –
Басқа қайғы түскенде...
...Сүртпейді артын Өнермен:
Құнанбайсыз тұл қоғам –
Салқын-сана ыс-кеуде!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі