Ия
Бұл бетте «Ия» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ия...
Алғаш кезіккенде,
Алтын бала,
Амандастық...
Сөйлестік салқын ғана.
Заман – суық,
Адам – мұз...
Тірі жанмен
Жақындасып,
Жанасып,
Жарқылдама?!
Астанада
Көзіңмен көрген Ақын
Ақын емес –
Қатқан тоң –
Өлген Ақын –
Қапыда
Қарғыс атып
Қара жерге
Жалғызын
Жазатайым
Көмген Ақын!
Ез бен Без –
Ыңғай жалқын,
Орта кілең:
Тірлігін жаңылдырып мәрт әнінен –
Тозақтың тамұқ отын күн-түн көсеп,
Еседі көрдің лебі жан-тәнінен...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі