Иірілген ұршықтай
Бұл бетте «Иірілген ұршықтай» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Иірілген ұршықтай,
Шүйкеден бас тіленіп –
Жаным неге тұр шықпай,
Иегіме тіреліп?!
Өшті емес пе жарығым,
Күні не енді, түні не –
Көрге жүктеп қалыбын,
Көшті емес пе Дүние?!
Түбі шикі тірлікке
Бар ма Ақынның керегі?!
Өлең күтпе,
Жыр күтпе –
Ол – Өледі! –
Өледі!
Ол – Өледі...
Сөзден де,
Сезімнен де – мақұрым.
Өліп,
Хабар береді –
Ақырын күт,
Ақырын!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі