Өліп құлады
Бұл бетте «Өліп құлады» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағы да Мұнарға
Өксіп,
Өліп құлады –
Әкең бүгін тағы мас...
Өмірімнің мұрады –
Сендей асыл жоғы рас.
Қаным шауып басыма,
Тамыр кеулеп тасиды.
Қарап Құлпытасыңа,
Ішім удай ашиды.
Сай-сүйегім сырқырап,
Көңіл-көзім қарайды.
Шыбын жаным шырқырап,
Шердің шашын тарайды.
...Миым ауып,
Ақылдың
Тарс жаптым түңлігін –
Арағына кәпірдің
Сүйеніп тұр
Тірлігім!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі