Хан-тірлік зар еңіретті

Бұл бетте «Хан-тірлік зар еңіретті» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Хан-тірлік зар еңіретті
Қайманасын, қарасын –
Жоқтауменен өмірі өтті
Жазатайым баласын.
Тағдыр атты бек-төре
Асырғандай айласын:
«Жерде ме, әлде, Көкте ме, –
Дейді, – Мұнар, қайдасың?!»
Төрт құбыласы тұтас Қамал боп,
Іздеп, таппай, тоқтайды.
Өлмеген соң, амал жоқ,
Су ішеді, оттайды.
...Қайғы-мұңның зарпы өтіп,
Күйістеген Хайуан –
Бақ-жұлдызын тәрк етіп,
Безеді Күн-Айынан...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері