Жазымыштың Жазуы

Бұл бетте «Жазымыштың Жазуы» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жазымыштың Жазуы –
Нені ұғынып,
Не білдім:
Өмір –
Жанның Азығы,
Тән –
Азығы Өлімнің!
Мұрсат бітіп межелі,
Өлімменен қауышып:
Жан –
Тәніңнен безеді,
Өміріңді –
Тауысып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері