Түйе – бойына сенеді
Бұл бетте «Түйе – бойына сенеді» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түйе – бойына сенеді,
Есек – сойына сенеді.
Түйеден – қалыссың,
Есектен – алыссың,
Сен неңе сенесің,
Иран-Ғайып?!
Сұңқар – сияғымен текті,
Тұлпар – тұяғымен текті.
Сияғың да – жоқ,
Тұяғың да – жоқ,
Тексіз тумасаң нет-ті,
Иран-Ғайып?!
Арыстан – айбатымен алады,
Жолбарыс – қайратымен алады.
Келмеске кетті – айбатың,
Түбіңе жетті – қайратың...
...Дүние не болып барады,
Иран-Ғайып?!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі