Өліп-өшіп сүйгенім

Бұл бетте «Өліп-өшіп сүйгенім» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өліп-өшіп сүйгенім,
Арып-ашып тапқаным:
Отқа салдың – күймедім,
Суға салдың – батпадым.
Түсім бе, әлде, өңім бе,
Айтшы анығын, қарағым?
Сенсіз өткен өмірге
Мен шошына қарадым.
Түсім болса – түңілмен,
Өңім болса – масқара!
Алатайдай бүлінген
Мені бұлай тастама!
Ессіз көңіл бөлгенім,
Беу, Дариға, жан сырым:
Сүйе-сүйе шөлдедім,
Құша-құша қаңсыдым...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері