Өзің сынды жан иесі
Бұл бетте «Өзің сынды жан иесі» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзің сынды жан иесі,
Аспан қызы ай тамақ.
Махаббаттың «кәлимесін»
Жатырмын мен қайталап.
Құл болам да, не қыламын,
Сен деп соққан жүрекке.
Талмай күн-түн табынамын,
Табынғандай Құдіретке!
Кейінгіге рәсім етем,
Бәлки құптар ішінен:
«Жүрек күші басым екен,
Құдіреттің күшінен!..»
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі