Мұңын тыңдап жүрегімнің
Бұл бетте «Мұңын тыңдап жүрегімнің» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұңын тыңдап жүрегімнің,
Жыр қыранын ұшырдым:
Сенсіз маған бұл өмірдің
Мәні жоғын түсіндім.
Көйлегім – көк.
Тамағым – тоқ.
Кеудем – керең.
Көңіл – аш.
Іштен тындым.
Амалым жоқ.
Күзгі дала өңі лас.
Ел мәзірі.
Көп қолпашы.
Құрбым – бәйек.
Дос – алаң.
Сенен өзге жоқ қолқасы,
Мен бір жүрген есалаң.
Сенсіз менің таңым атып,
Шақырмастай тауығым.
Сараң Бақыт қаны қатып,
Сипатар ма сауырын?!
Ойламадым бас қамымды,
Алар демнен қымбатсың.
Шоққа көміп аспанымды,
Көкжиекке күн батсын.
Көкжиекке күн батқан соң,
Айдай қалқып шығарсың.
Аһ ұрумен тіл қатқан соң,
Ақын жанын ұғарсың.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі