Елтаңба

Бұл бетте «Елтаңба» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ел таңбасы елімнің,
Шаңырағы бабамның.
Күнің алтын нұрымен,
Бағы сөнбес даламның.
Оттай ыстық бізге өзі,
Түнде жұлдыз тізбегі.
Көзін көкке қадаған,
Киіз үйдің күнбезі.
Шеңбер уақыт санаты,
Далам жердің жәннаты.
Алтын мүйіз қос пырақ,
Қазан атым қанатты.
Нұрланғандай атырап,
Өрлеуде елім жарқырап.
Уық болып таралған.
Күн сәулесі жамырап.
Еркіндікті көксеген,
Көгерді елім көсегең.
Қамбар ата қанатты,
Досқа жалын төсеген.
Қорға отанды жаныңмен,
Қорға отанды арыңмен.
«Қазақстан!» - деп жазған,
Қазақ елі қанымен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері