Менің Қазақстаным!
Бұл бетте «Менің Қазақстаным!» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 23.07.2026
- 0
- 0
- 1239
Көк байрағым желбіре,
Қыран құсым қалықта.
Күн нұрына елжіре,
Дархан далам шарықта.
Менің Қазақстаным!
Бағы жанған ел анам,
Үмітіңді ақтаймын.
Аманатын бабамның,
Көз нұрындай сақтаймын.
Менің Қазақстаным!
Қилы-қилы замандай,
Жолдар шиыр сіз өткен.
Тұғырыңды тапжылмай
Сарбазыңмын күзеткен.
Менің Қазақстаным!
Бақытты өмір орнатам,
Бүкіл елім аңсаған.
Ата заңмен қорғатам,
Ант етейін мен саған.
Менің Қазақстаным!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі