Әкеме
Бұл бетте «Әкеме» атты Шалқар Әбіш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтіп қаншама жатты күн,
Мезгіл маған артты мұң.
Қалып қойған деседі,
Жұрт аузында-мәрттігің.
Дедің бе ел ойлансын –
Перзент тойы тойлансын:
Мен туғанда ауылға,
Соңғы қойды сойғансың.
Таза екен жүрегің,
Адал екен тілегің
Сол перзент сені ойлап,
Сеуіп жүр-ау жыр-егін.
Өніп шықты еккенім!
Өкінішім тек менің:
Болды ауыр тым қиын,
Тіпті ерте кеткенің,
Мен үшін Әке...
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі