Тек сен ғана
Бұл бетте «Тек сен ғана» атты Шалқар Әбіш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатар жүрдік біз екеуміз,
Кешіп өмір дариясын.
Тағдырыма тілеулесім,
Тек сен ғана Марияшым.
Талай асқар шыңдардың,
Бірге шықтық биігіне.
Қартайғанда ызғар мұңның,
Қалдырмашы күйігіне.
Өзіңді мен тіреу көрем,
Жалғыз сірә қалдырмашы.
Кетіп қалып біреуменен,
Жүрегімді жандырмашы.
Қылығы бар қыз баланың,
Сұлу жүзді толған айым!
Шыбыннан да қызғанамын,
Қондырмастан қорғалаймын.
Сақтайықшы мәңгі екеуміз,
Тербеп өмір жан ұясын.
Сүйіктім-ау, тілеулесім,
Тек сен ғана Марияшым!
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі