Зұлымдық қылып елді жеп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.04.2015
  • 1
  • 2
  • 12776
Зұлымдық қылып елдi жеп,
Ойладың әбден байырды,
Атану үшiн мырза деп,
Кәрiпке бердiң қайырды.

Құлшылық қылдым деме құр,
Қобызға жаққан шайырды,
Жазалы жаның сезiп тұр,
Жасырғанмен зайырды.

Құдайға пара бересiң,
Лақ пен қотыр тайыңды,
Жоғалтқандай көресiң,
Ел жылатқан жайыңды.

Олай емес, шырағым,
Мұның түбi уайым-ды,
Параға берген лағың
Ар, иманнан айырды.

Елден кешу алмасаң,
Жалмауыздай жалмасаң,
Тәңiрiнi малмен алдасаң,
Алдыңда көрiң дайын-ды.


Пікірлер (2)

Балжан

керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зұлымдық қылып елді жеп өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Зұлымдық қылып елді жеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Зұлымдық қылып елді жеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зұлымдық қылып елді жеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері