Соқпақты жолда жүрген шығарсыз

Бұл бетте «Соқпақты жолда жүрген шығарсыз» атты Салтанат Айдарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Соқпақты жолда жүрген шығарсыз,
Жүздеспей кетсек не шара?
Тағатсыз күткен үмітім арсыз,
Жанарым жолда талса да...

Жабыққан сәтте еркімді алар,
Өлең де, хат та жазбашы.
Сәмбі тал сынды күзде тоналар,
Сезімнің бәрі алдамшы...

Демеймін сізге үмітімді ақта,
Келмедің деп те сөкпеймін.
Кездесе көрме беймезгіл шақта,
Кешір, енді күтпеймін...

30.11.2021


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері