Сағынтқан
Бұл бетте «Сағынтқан» атты Салтанат Айдарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынтқан,
Сарылтқан күндердің,
Қайтарғым келгенмен қарымын.
Аңсатқан сол ұзақ түндердің,
Сөндіріп алыппын жалынын...
Сөндіріп алыппын байқамай,
Көңілде тек күдік сайран сап.
Білемін...
Мені іздеп сен талай
Күрсіндің...
Есіңде сол бір шақ.
Күрсіндің...
Жазғырдың мені әлде?
Сезімдер сөгілді қалтырап.
Қыз болып қылтисам кінәм не?
Қырсықсам сүйем ғой...
Ақымақ!
14.08.2022
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі