Қар басты даланы аппақ
Бұл бетте «Қар басты даланы аппақ» атты Салтанат Айдарбекова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қар басты даланы аппақ,
Көңілге сағыныш тұнған.
Тағы да аямадық-ау,
Жанарды жасымен жуған.
Іңкәр ем ғұмырда жалғыз,
Аппақ ет сезімім қардай.
Түсіме күнде енесің,
Жырақтап кеткенім аздай.
Күйігім жетер басыма,
Бұл күнде тұлдыр жүрегім.
Мен үшін тілек тілеймісің
Үміттің үзбей күдерін?
Ескірген естеліктерім
Санама тыртығын тастап.
Мен сені кінәламаймын,
Қар басты даланы аппақ...
25.01.2023
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі