Аға, іні – туысқан
Бұл бетте «Аға, іні – туысқан» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аға деген,
Іні деген –
Бір-біріне туысқан.
Аға деген,
Іні деген
Жаралғандай құрыштан.
Бірлік болса,
Ерлік болса,
Алынбайтын қамал жоқ.
Қорқақ болса,
Шорқақ болса
Одан өткен жаман жоқ.
От болса да,
Өрт болса да,
Қиналмайды мықты адам.
Атамыз да,
Бабамыз да,
Қиындықтан ықпаған.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі