Өтірік күлкі
Бұл бетте «Өтірік күлкі» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шын күлкімен ән жазып,
Нота сыздық.
Апырай,
Өтірік күлкі не деген опасыздық?!
Сиыспайды-ау,
Ойбай-ай, сиыспайды-ау!
Бұ не деген сұмпайы күлкі бұл,
Езуіңмен езуің қиыспайды-ау!
Бұ сорлы өтірік
Қанша өрбіп ұзады екен?
(кейде адам осындайда қызады екен)
Өтірік күлкі өліктің күлкісіндей,
Адамның бет-әлпетін бұзады екен.
Шын болса жылаған да жарасады,
Өтірік күліп біреулер бір-бірне,
Қайтіп қана бет шыдап қарасады?
Шын күлкі – ұжданның ғой құлдық етер...
Ағатай, жырп-жырп етпей шын күле гөр.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі