Көкек
Бұл бетте «Көкек» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Өз атын өзі шақырады»
Деп көкекті даттап жүрміз.
Шамасы біз шындықтан аттап жүрміз.
Көкек не десе де,
Көкектігін жасырмай айтып жүр.
Ал енді біздің
Кей жігіттер қайтіп жүр?
Тіпті көкек құрлы болмай,
Өз атын айтудан тайқып жүр.
***
Бәленшенің Түгеншесімін деп,
Сүйенгенін қосып айтады.
Қосып айтқанда бөсіп айтады.
Міне, көкек деп осыны айтады.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі