Ауыр науқас
Бұл бетте «Ауыр науқас» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басабай бір тойға тап түсіп,
Әкесі өлгендей қатты ішіп,
Ертесіне, баяғы, ауырмай ма?
(Яғни, кешегі ұрған құдай
Ертесіне тағы ұрмай ма?!)
Осы тұста,
Жарамсақтарының бірі кеп:
– Басеке,
Көңіл сұрайық деп кіріп ек,
Қазақта хал сұрасар жөн бар,
Жай науқас па?
– Білмеймін, әйтеуір бір шөл бар...
– Шөл шөлмекпен жоғалмас па екен?
***
Апыр-ай «бізді» түбінде
Осы тұқымың құрығыр шөл алмас па екен?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі