Шал ақылы ақыл-ақ

Бұл бетте «Шал ақылы ақыл-ақ» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шал жуырда келін түсірді.
Қалыңмал қамдамай-ақ
Қаладан алып тегін түсірді.
Кемпір келіннің етегін ұзартып,
Сыбанып жүрген жеңін түсірді.
Тырнағының сояуын кесіп,
Бояуын қырнап қырып алды.
«Басыма тисеңдер де,
Шашыма тимеңдер»,- деп
Келін қарысып тұрып алды.
(Жас болған соң жастық қып
Әрін күтер сұры бар-ды).
Бала мұны ұнатпай
Келінді бірде бүріп алды.
Шал балаға ашуланды:
– Шатақта не басың қалды?!
Не керек қатын айқай?
Сен киізбасқа
Мынадай ақыл айтайын.
«Атыңды ұстатпайды» деп ұрсаң,
Сосын мүлде ұстатпай қояды.
Со секілді әйелді ұра берсең,
Ұл түгіл қыз таппай қояды.
Әйел де жылқы мінезді,
Қашаған ат секілді.
Ұстатпақ түгіл тұстатпай қояды.
***
Шал ақылы ақыл-ақ,
Тек соны ұқса ғой
Анау, алшаңдап жүрген «ақымақ».


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері